Самат Смақов 40 жыл «Ақтөбенің» жанкүйері болған қарияға абонемент сыйлады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов 80 жастағы Лидия Джуринскаяға жылдық абонемент тапсырды. Қария 40 жыл бойы ақтөбелік футбол командасының жанкүйері болып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самат Смақов 40 жыл «Ақтөбенің» жанкүйері болған қарияға абонемент сыйлады

«Ақтөбе» футбол клубының қиын жағдайына қарамастан карьерасын аяқтап, басшылыққа келген Самат Смақов бірнеше батыл қадамға барды. Өз атын пайдаланып, айлығын ала алмай жүрген футболшыға өтініш те жасады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, клубтың банкроттық жағдайын ашық айтып, қарыздарды тізбектеген болатын.

Сонымен қатар, ол футболға шын жаны ашып, ұзақ жыл бойы жанкүйер болып жүргендермен кездесті. 80 жастағы Лидия Джуринская жас кезінен бастап ақтөбелік футбол клубына жанкүйер болып жүр. Ол 40 жыл бойы футбол көріп, орталық стадионда болатын ойынға жиі барады.
null 

«Лидия Джуринскаяның сүйікті ойыншысы -Самат Смақов. Сондықтан клубтың бас директоры ардагер жанкүйермен жеке кездесуді жөн көрді. Кездесу кезінде қария футбол командасы үшін алаңдағанын, ал Самат Смақов келген соң көңілі жайланғанын жеткізді. Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубы тек ойын алаңы емес, Самат Смақовтың екінші үйі екенін баса айтты»,- деп хабарлады футбол клубының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ардагер жанкүйерге маусымдық абонемент тапсырылды. Бас директор мен жанкүйер команданың жақсы көрсеткіштері туралы әңгіме құрды.