Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үш қола алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасы - Бішкекте өтіп жатқан самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының 2-күнінде қазақстандық балуандар үш қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үш қола алды

Ел құрамасынан Ділдәш Құрышбаевадан (72 келі) ширек финалда румын Ольга Малейкаға есе жіберді. Ал қола медаль үшін жекпе-жекте өзбекстандық Мохигүл Комилжанованы таза ұтты.

Дүбірлі додада тағы екі қола Арнұр Қуатай (71 келі) және жауынгерлік самбодан 58 келіге дейінгі салмақта Мирас Уәлиевтің еншісіне жазылды.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 2 күміс, 5 қола медаль бар.

Бүгін Әлем чемпионатының соңғы күні, самбошылар қалған 7 салмақтың чемпионы мен жүлдегерлерін анықтайды.

Айта кетсек, әлем чемпионатына 52 елдің балуандары келді.

Енді 13 қарашада балуандар тағы 7 салмақта сынға түседі.