20:02, 14 Шілде 2013 | GMT +5
Самбошы Ажар Кеңбейіл Универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір қола қосты
АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Әйелдер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Ажар Кеңбейіл қола марапатты жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz.
Үшінші орын үшін күресте Кеңбейіл Румыния өкілі Роксана Прунадан басым түcті - 10:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын самбошы Бейімбет Қанжанов (52 келі) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.