Саммит ЕҚЫҰ-ның жаңа геосаяси жағдайға бейімделуін күшейтуге мүмкіндік береді

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Смағұлов/ - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалағы ұйымның үш қызметтік қоржыны бойынша қауіпсіздік стратегияларының қалыптасуымен туындайтын жаңа жағдайларға өту үшін әлеуетті жағдай жасайды.
None
None

Бұл пікірді сәрсенбі күні Астанада өтетін саммитке арналып Мәскеуде өткен дөңгелек үстел барысында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің посткеңестік кеңістіктегі үдерістерді зерттейтін ақпараттық-сараптамалық орталығының сарапшысы Юлия Якушева айтып өтті.

Қазақстанның ұйымға төрағалығы барысында атқарған жұмысының алдын ала нәтижелеріне тоқтала келіп, сарапшы үш қоржын арасында, сонымен қатар адамдық өлшемдерге назар аударуды біріктіру бойынша жасалған қадамдардың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін қол жеткізіліп отырған нәтижелер ұйымның үш қызметтік қоржыны бойынша қауіпсіздік стратегияларының қалыптасуымен туындайтын жаңа жағдайларға өтуге әлеует және мүмкіндік туғызады», деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар