Samsung пен Tesla 16,5 млрд долларлық чиптерді жеткізу келісімшартына қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM — Samsung Electronics компаниясы Tesla Inc-ке жартылай өткізгіштерді жеткізу бойынша $16,5 млрд долларлық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Tesla басшысы Илон Маск X-те хабарлады.

Келісім 2033 жылға дейін жарамды. Миллиардердің айтуынша, Samsung компаниясының Техастағы жаңа зауыты AI6 чиптерін шығаруға арналған. Оңтүстіккореялық компания қазір АИ4 чиптеріп шығарып жатыр.
— Бұл өте маңызды сәт, өйткені мен прогресс қарқынын жеделдетуге жеке қатысамын. Оның үстіне зауыт үйімнің жанында ыңғайлы орналасқан, — деп жазды Маск.
Samsung әлемде Taiwan Semiconductor Manufacturing компаниясынан кейінгі екінші ірі чип жеткізуші. Алайда оңтүстіккореялық электроника алпауытының операциялық кірісі 2025 жылдың екінші тоқсанында бір жылмен салыстырғанда 56%-ға төмендеді. Компания мұны АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының салдарымен түсіндіріп отыр.
Дүйсенбіде америкалық компаниямен келісім туралы хабардан кейін Samsung акциялары 6,8%-ға өсті. Сарапшылардың бағалауынша, Tesla-мен келісімшарт өндірушінің жылдық кірісін 10%-ға арттыруы мүмкін.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты Samsung басшысын толық ақтағанын жазған болатынбыз.