«Самұрық-Қазына» Air Astana-дағы үлесін 41%-ға дейін азайтпақшы

Самұрық-Қазына
Фото: Самұрық-Қазына

АСТАНА. KAZINFORM – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Jibek Joly арнасына берген сұхбатында Air Astana әуе компаниясын IPO-ға шығару қалай іске асатынын айтты.

«Біз кеше Air Astana компаниясы IPO-ға шығарылатынын жарияладық. Өткен жұма күні IPO-ға шығарылатын акциялардың баға көкжиегі бекітілген. Акциялармен бірге меншік құқығын растайтын құжаты да бірге шығарылады. Олардың баға көкжиегі 8,5-11 доллар аралығында. Мұндай бір депозитарлық қолхатта 4 акциядан болады» - деді Нұрлан Жақыпов.

Сондай-ақ, мемлекет 2002 жылы Air Astana құрылған кезде 8,5 млн доллар салғанын айтты.

«Air Astana құрылғаннан бері бізге 80 млн доллардан астам дивиденд аударып, 711 млн доллардан астам салық төледі. 2022 жылы салған инвестиция мен инвесторларға ұсынылып отырған қазіргі баға көкжиегін салыстырсақ, компания құны 77 есе өскен», - деді ол.

«Самұрық-Қазына» әуе компаниясын IPO-ға шығару арқылы 300 млн доллардың инвестициясын тартпақшы.

«Оның 120 млн доллары компанияның өзінде қалады. Бұл қаражат жаңа әуе кемелерін сатып алу сияқты күрделі шығындарға жұмсалады. Қалған 180 млн доллар инвесторлардың табысына жұмсалады. Біз бұл компаниядағы үлесімізді 41%-ға дейін түсіруді жоспарлап отырмыз», – деді холдинг басшысы.

Соңғы жаңалықтар