«Самұрық-Қазына» АҚ мемлекетке 460 млрд теңге дивиденд төледі
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры мемлекет бюджетіне 460 млрд теңге төлем жасаған. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан мәлім етті.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша қор мемлекетке 460 млрд теңге рекордтық көлемде дивидент және төлем жасады», - деп Салтанат Сәтжан «Самұрық-Қазына» АҚ өткен қоғамдық кеңес отырысы барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Одан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ өткен жылы «Қазақстан халқына» қорына 67 млрд теңге бөлген.
Бұған дейін қордың былтырғы табысы туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ іс-шара барысында Air Astana әуе компаниясы IPO арқылы алдымен 120 млн долларлық акциясын орналастыру жоспарланып жатқаны айтылды.
Айта кетсек, қор өкілі Салтанат Сәтжан айтуынша, Qazaq Air әуе компаниясы қайта сатылымға шығарылды. Бүгінде компанияның 38 млрд теңге қарызы бар.