«Самұрық-Қазына» бюджетке тиесілі дивиденттерді толық төлемей отыр — Нұрлан Нұржанов

АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының бюджетке дивидент төлеу саясатындағы құйтырқылықтарды атады.

«Самұрық-Қазына» бюджетке тиесілі дивиденттерді толық төлемей отыр — Нұрлан Нұржанов
Фото: t.me/samrukkazynaofficial

— Квазимемлекеттік сектор бюджетке дивиденттер ретінде 980 млрд теңге аударған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 23 пайыз төмен. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына жүргізіп жатқан аудиттің алдын ала мәліметтері бойынша қордан жыл сайын төленетін дивиденттің мөлшері жүйе құраушы компаниялардан ғана алынатынын көрсетті. Соңғы 5 жылда қор жүйе құраушылар тізбесіне енгізілмеген компаниялардан дивидент ретінде 347 млрд теңге алған. Бірақ ол дивиденттер бюджеттің бөлінісінен тыс қалған, — деді ол.

Нұрлан Нұржанов «Самұрық-Қазына» қоры рентабельділігі төмен және келешегі мардымсыз инвестициялық жобаларды іске асыруға жол берген деп есептейді.

— Соның салдарынан қордың 126 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған, — деді палата мүшесі.

Сондай-ақ, ол Үкімет былтыр бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет өзгерткенін атап өтті

Соңғы жаңалықтар