«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Photo: t.me/samrukazynaofficial

«Самұрық-Энерго» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен Алексей Огай «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып сайланды», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Алексей Огай Алматы энергетикалық институтын 1995 жылы бітірген. Көп жылдардан бері энергетика саласында жұмыс істеп келеді.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ энергетика және тау-кен активтері департаментінің директоры.


Соңғы жаңалықтар