«Самұрық-энерго» АҚ мен БҰҰ Даму Бағдарламасы электр энергетикасы саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
сондай-ақ Қазақстанда жел және күн электр стансыларын салу жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталған меморандумның мақсаты - БҰҰ Даму Бағдарламасы мен «Самұрық-энерго» арасындағы ынтымақтасты дамыту. Біз бүгінде жел энергетикасын дамыту бойынша тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Жел және күн энергетикасы жобаларын іске асыру тұрғысында Қазақстанның әлеуеті жоғары», деді меморандумға қол қою кезінде Қазақстандағы БҰҰ ДБ-ның тұрақты өкілі Хаолянь Шу.
Жаңартылатын электр энергетикасын пайдалану саласын зерттеу бойынша тұрақты жұмыс тобы құрылғанына тоқталған «Самұрық-энерго» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Опышев, «БҰҰ ДБ мен өзара қарым-қатынас мәселесі тұрғысында біз бірқатар бірлескен шараларды әзірледік», деді.
Меморандум бойынша, тараптардың жұмысы Қазақстанда аталған энергетиканың техникалық базасына ұсыныстар жасауға, қажетті талдау шараларын жүргізуге бағытталатын болады.
Е. Опышевтің айтуынша, енді Жоңғар қақпасы ауданында, Шелек дәлізінде, Форт-Шевченко аумағында жел электр стансылары құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалмақ.