«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Қор компаниялары тобы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев Елбасы Жарлығымен марапатталған Қор компаниялары тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.
None
None

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс департаментінің хабарлауынша, «Тау-кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқармасының төрағасы Мәжит Тұрмағамбетов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Юрий Бордунов, «KEGOC» АҚ филиалы «Ақтөбе МЭС» директоры Хабиболла Қазиев, «Семей Инжиниринг» АҚ негізгі өндіріс цехының аға шебері Юрий Орехов «Құрмет» орденімен марапатталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Павлодар филиалы - «Павлодар жол бөлімшесі» стансасының 4 разрядты сигналшысы Қуандық Өтелбаев, «Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе облыстық Жергілікті желілерге қызмет көрсету орталығының 7 разрядты кабельші-дәнекерлеушісі Ерғали Дүздікбаев, «Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» разрезінің экскаватор машинисі Берік Смағұлов, «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы «Тараз-1» қалалық пошта байланысы бөлімшесінің почташысы Күлнара Молдабаева, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Жөндеу зауытының ҚТЦ-да оны орнату жерлерінде (қазандық, турбиналық) жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебері Нұрғазы Хұдыбаев, «Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС геотехникалық алаңы учаскесінің 6 разрядты жөндеуші слесары Мәлік Аманбаев, Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқыл зауыты бірлескен кәсіпорны» ЖШС бас энергетик бөлімінің жылумен жабдықтау кәріз учаскесінің 7 разрядты жөндеушісі-кезекші слесары Михаил Степанов, «Эйр Астана» АҚ инженерлік-техникалық қамтамасыз ету департаментінің базалық техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджері Андрей Олия «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық болды.

«Ерлігі үшін» медалі «Теңізшевройл» ЖШС өндірісті пайдалану бөлімінің аға операторы Ержан Қожаниязовқа тапсырылды.

Өмірзақ Шөкеев «Локомотив» АҚ филиалы - «Астана пайдалану локомотивтік депосының» Атбасар айналым депосының тепловоз машинисі Қанат Қайыржановқа, «Қазпошта» АҚ филиалы «Республикалық арнайы байланыс қызметінің» Тасымалдау және жеткізу бөлімі арнайы байланыс қызметінің жауапты аға кезекшісі Салауат Қайыповқа, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ҚАЭС-1» «Қазан турбиналық цехы -1» 8 разряды энергия блогының аға машинисі Арман Нұрғожинге, «KEGOC» АҚ «Солтүстік МЭС» филиалының солтүстік ЖЭС бастығы Евгений Собкоға Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарын тапсырды.

Салтанатты жиналыста Ө.Шөкеев Қор компаниялары тобының қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Біздің халқымыз тәуелсіздікті қанша ғасыр бойы күткенін білесіздер. Біздің ұрпағымыз - Қазақстанның егеменді мемлекетке қол жеткізу бақытына ие болды. Мемлекет басшысының көреген даналығының нәтижесінде еліміз алға жылжып келеді. Келісім, тыныштық, жасампаз еңбек - біздің орасан зор активіміз», - деді Ө. Шөкеев.

«Егер біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін болсақ, онда біздің Елбасымыз айқындаған бағытпен жүретін боламыз, онда көп нәрсені жеңіп, елімізді өзгертіп, біздің экономикамызды жаңа деңгейге көтеретін боламыз. Сондықтан біз қазір өзіміздің әрқайсымызға қатысты трансформация бағдарламасымен жұмыс істеп жатырмыз. Барлық қызметкерлер өздерінің айналасында осы бағдарламаға шабыт беру және қатысу атмосферасын құруға тиіс. Мен бизнесті трансформациялауды іске асыра алатындығыма сенімдімін», - деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар