«Самұрық-Қазына» АҚ Халықаралық тәуелсіз әл-ауқат қорлары форумының VІІІ отырысына қатысты

Басқосудың тақырыбы - тәуелсіз қорлар алдында тұрған сындардан өту барысында жүргізілуі тиіс инвестициялық саясат. Соның ішінде, климаттың өзгеруі туралы мәселелерге де назар аударылды.
Балжит Гревал құбылмалы ғаламдағы тәуелсіз қорлардың тәжірибесін талқылауға арналған сессияда сөз сөйледі. Ол Қордың құрылымы, қызметі, трансформация мен жекешелендіру бағдарламалары туралы баяндады.
Атап өтетіні, «Самұрық-Қазына» қоры IFSWF ұйымының жұмысына белсене араласып келеді. 2016 жылдың 8 қарашасында Қор инвестициялар мен тәуекелдерді басқару жөніндегі ІІ комитеттің құрамына енді. Бұл өкілетті орган инвестициялар мен тәуекелдерді басқару мәселелерін талқылауға арналған консультативтік форумды ұйымдастырушы, сонымен қатар Қор 2015 жылдан бері басқару және мақсаттар жөніндегі І комитеттің мүшесі.
Бұған қоса, «Самұрық-Қазына» Сантьяго ұстанымдарына сәйкестік тәжірибесімен бөліскен 12 тәуелсіз қордың қатарында. Бұл туралы есеп жыл сайынғы отырыстар кезінде назарда болды.
Іс-шара барысында «Самұрық-Қазына» ресми түрде халықаралық қауымдастыққа келесі отырысты ұйымдастырушы ретінде таныстырылды. IFSWF мүшелері 2017 жылы Астанада өтетін ІХ жыл сайынғы кездесуге шақырылды.
Іссапар барысында Қор делегациясы IFSWF Форумының ұйымдастырушылары - Жаңа Зеландияның зейнетақы қоры мен қазынашылық және өзге тәуелсіз әл-ауқат қорларының өкілдерімен кездесті.