08:19, 27 Шілде 2015 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» компаниялары бірінің үлесі 48 млн. теңгеге сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекешелендіру бағдарламасы аясында «Менеджмент ЖҚ» ЖШС сатылды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.
«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымы - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның қарамағындағы «Менеджмент ЖҚ» ЖШС-ның 51% акциясын сату-сатып алу шартына қол қойылды. Мәміле сомасы 48,321 млн. теңгені құрады», - делінген хабарламада.
«Менеджмент ЖҚ» ЖШС Жекешелендіру кешенді жоспары ауқымында саудаға шығарылған болатын және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының бәсекелестік ортаға жататын 106 активінің бірі. Компания қызметінің негізгі түрі - жылжымайтын мүлікті жалға беру болатын.
Еске сала кетейік, Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы 184 нысан сатылды, оның 29-ы - «Самұрық-Қазына» холдингінің активтері.
Активтерді өткізудің жалпы сомасы 56 млрд. 387 млн. теңге болды.