«Самұрық-Қазына» компанияларына сатып алулар бойынша шағым көп

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларына сатып алулар бойынша шағым көп түсуде. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі кеңесінің 4-ші отырысында палатаға қарасты Мемлекеттік сатып алулар және жергілікті қамту департаментінің директоры Айгүл Қоңыртаева мәлім етті.
None
None

«2014 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына сатып алуларға қатысты 268 шағым түсті. Олардың басым бөлігі, нақты айтқанда, 34 пайызы мемлекеттік сатып алуларға қатысты. Одан кейін 28 пайыз шағым «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларына, ал 9 пайызы жер қойнауын пайдаланушыларға байланысты түсіп отыр», - деді ол.

Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасына түскен шағымдардың 30 пайызы сатып алуды белгілі бір жеткізушінің пайдасына қарай ыңғайлау және негізсіз іс-әрекеттерге қатысты болған.

«Егер өңірлік палаталарға келіп түскен шағымдарға сараптама жасайтын болсақ, олардың жалпы саны - 1174. Ал арыз-шағымдардың көрсеткіші бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары бірінші орында тұр. Бұл компанияға келіп түскен шағым 30 пайызды, мемлекеттік сатып алуларға түскен шағымдар - 27, жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты шағымдар 5 пайызды құрап отыр», - деді А.Қоңыртаева.

Соңғы жаңалықтар