«Самұрық-Қазына» қоры активтерінің басым бөлігі электронды алаң арқылы саудаланатын болады

«Кездесудің мұндай кең көлемде ұйымдастырылу мақсаты - сіздерді ҚР Үкіметінің Қаулысы арқылы бекітілген ережелермен, активтерді саудалау бағдарламасының негізгі қағидаларымен толығырақ таныстыру. Өздеріңіз білесіздер, осы бағдарламаға сәйкес біз 2014-2020 жылдар аралығында 106 активті сатылымға шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан 2014 жылы жоспарға сәйкес 64 нысанды сатылымға қоямыз, олардың біреуі халықтық ІРО-ға шығарылады», - деді Е.Бахмутова.
Оның айтуынша, үдерістің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін активтердің негізгі бөлігі электронды алаң арқылы шығарылатын болады.
«Активтердің аз ғана бөлігі екі кезеңдік конкурс арқылы сатылымға шығарылуы мүмкін. Оның өзінде мұндай қадам заң талаптары бойынша ғана немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана жасалады», - деп атап өтті Е. Бахмутова.
Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАтомӨнеркәсіп»ҰК» АҚ және «Самұрық-Энерго» ҰК» АҚ өкілдері өз кезегінде инвесторларға компаниялар туралы негізгі қаржылық-операциялық мәліметтерді беріп, нақты есептерімен бөлісті.
Айта кетейік, жақын арада сатылымға шығатын компаниялар мен оларды жүзеге асыру ережелері қордың ресми сайтындағы «жекешелендіру» бөліміне орналастырылады.