«Самұрық-Қазына» қоры былтыр бюджетке 603 млрд теңгеге жуық төлемдер аударды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» қоры былтыр бюджетке 603 млрд теңгеге жуық төлемдер аударды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылау барысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Басқарма мүшесі Елена Бахмұтова осылай мәлім етті.
None
None

«Былтырғы жылдың қорытындыларына келсек, «Самұрық-Қазына» қоры 304,8 млрд теңге таза табыс тапты. Бұл  - 2014 жылдың нәтижесімен салыстырғанда 30 пайызға артық көрсеткіш. Жалпы 2015 жылы «Самұрық-Қазына» қоры бюджетке салық және басқа да төлемдер түрінде 603 млрд теңге аударды. Бұдан бөлек, республикалық бюджетке 34,7 млрд теңге сомасында дивидендтер төленді»,- деді Е. Бахмутова.

 Оның айтуынша, жалпы қызмет нәтижелері бойынша былтырғы жылы  Қордың таза активтері 22,3 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар