10:42, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» қоры «Қазкоммерцбанк» пен Халық банкінің әрқайсысының депозиттеріне 1 млрд. доллардан орналастырды ? Қ. Келімбетов
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қоры өткен аптаның соңында «Қазкоммерцбанк» пен Халық банкінің әрқайсысының депозиттеріне 1 млрд. доллардан орналастырды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қор басшысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Үкімет қаулысына сәйкес, өткен жұма күні «Қазкоммерцбанк» пен Халық банкінің әрқайсысына 1 млрд. доллардан аударылды. Сөйтіп, 2 млрд. доллар экономикаға түсті», деді отырыста Қ. Келімбетов. Өз кезегінде Премьер-Министр К. Мәсімов банктер ол қаржыларды қабылданған тиісті шешімдерге сәйкес пайдалана алатынын атап көрсетті.