«Самұрық-Қазына» қоры мен корей инвесторлары тобы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада тиісті активтерді сатып алуды қоса алғанда, Қазақстан экономикасының тау-кен, көмір, электр энергиясы, мұнай-газ, көлік және өнеркәсіп секторларында инвестициялық жобаларды ықтимал бірлесіп іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ KZPOS Co. Ltd., Daewoo Engineering Co. және BOKWANG GID Co., Ltd. компанияларының консорциумымен
Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құжатқа «Самұрық-Қазына» қоры өткізген 1 млрд. АҚШ долларына дейінгі мөлшерде Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстар шеңберінде қол қойылды. Салтанат барысында тараптар Меморандум қазақстан-корей өндірістік кооперациясын тереңдететініне, сондай-ақ тараптардың өзара пайдалы әрі тиімді экономикалық ынтымақтастығын көтермелейтініне және дамытатынына сенімдерін білдірді. «Самұрық-Қазына» қоры бұрын KZPOS Co. Ltd корей компаниясымен Қазақстанда кейбір активтерді бірлесіп сатып алуда ықтимал ынтымақтастыққа қатысты келіссөздерді бастау туралы меморандумға қол қойған болатын.
Соңғы жаңалықтар
telegram