«Самұрық-Қазына» Қоры мен Ресейдің Внешэкономбанкі Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

АСТАНА.Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов пен Ресейдің «Внешэкономбанк» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Владимир Дмитриев Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Меморандумға сәйкес, Внешэкономбанк Қазақстан Республикасы аумағындағы казақстан-ресей инвестициялық жобалары аясында сыртқы сауда келісім-шарттарын қаржыландыруға қатысады. Несиелік қаржының жалпы көлемі 3 млрд.АҚШ долларына дейін, ал мерзімі 10 жылға созылмақ. Екі жақ сонымен қатар, химия, мұнайхимия, мұнай-газ өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік пен телекоммуникация салаларындағы инвестициялық жобалар аясындағы экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыру үшін біріккен схема дайындау шараларын да қарастырмақ. Сыртқы сауда жөнінен Ресей Қазақстанның негізгі серіктестігі. Ресей өнімін сатып алар кездегі қаржы айналымының сыртқа молынан шығып кетпеуі үшін Внешэкономбанктен несие тарту тиімді болмақ.
Соңғы жаңалықтар