«Самұрық-Қазына» қоры тұрғын үй нысандары құрылысын қаржыландыру жөніндегі өз міндеттемесін толық орындайды - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -«Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттік қолдауға ие болған тұрғын үй нысандары құрылысын қаржыландыру жөніндегі өз міндеттемесін толық орындайтын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталмыш қордың басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыста Қ. Келімбетов мемлекеттік қолдауға ие болған тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен 95 млрд.теңге, оның ішінде Астанаға ? 48,8 млрд. теңге, Алматыға ? 46,2 млрд.теңге бөлінгенін еске салып өтті. «Астанаға бөлінген қаржыға 13 мыңнан астам пәтері бар 37 тұрғын үй кешені қаржыландырылуда. Қазіргі таңда 8 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды, таяу уақытта тағы 17 тұрғын үй кешенін аяқтау жоспарланып отыр», деді ол. Оның сөзіне қарағанда, бөлінген қаржыға Алматыда 4 мыңнан астам пәтері бар 14 тұрғын үй кешені қаржыландырылуда. 3 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, тағы 10 тұрғын үй кешенін аяқтау жоспарлануда. «Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттік қолдауға ие болған бұл нысандарды қаржыландыру жөніндегі өз міндеттемесін толық орындайтын болады», деді Қ. Келімбетов.Қ. Келімбетовтың айтуынша, дайындық сатысы 20 пайыздан тұрғын үй нысандары мемлекет есебінен қаржыландырылуға үміткер бола алады. Олардағы сатылмаған пәтерлердің құны нысанды аяқтауға қажетті соманы жабуы тиіс. Дайын болған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны Астанада 96 мың теңгеден, ал Алматыда 120 мың теңгеден аспауы тиіс. «Құрылыс салушы компаниялар мен банктердің бірнеше мәрте жазған өтініштеріне байланысты, Үкіметтің тапсырмасы бойынша біз «еркін баға» бойынша банктер арқылы қаржыландыру жолын қарастырдық. Осы схемаға сәйкес банкпен бірлесіп еркін баға бойынша тұрғын үйді сататын компаниялар сатып алушылар пулын қалыптастырады, ол құрылысты аяқтау үшін қажетті соманың кемінде 30 пайызын құрауы тиіс», деді қор басшысы.
Соңғы жаңалықтар