11:02, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Самұрық-Қазына қорына қарасты компанияларда корпоративтік басқаруды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру міндеті қойылып отыр - Қайрат Келімбетов
; АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялардың төртеуінде қазіргі таңда корпоративтік басқару талаптары әлемдік деңгейде жүзеге асырылуда.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан V Қазақстандық инвестициялық саммитте белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Корпоративтік басқарудың әлемдік деңгейіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на қарасты 50-ден астам компанияның төртеуі ғана сәйкес келеді. Олар - «ҚазМұнайГаз» , «Кегок», «Қазақтелеком» және «Қазақстан даму банкі». Біз таяудағы жылдары өзге компанияларды да өз нәтижелерін жақсартуға міндеттедік», дейді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов. Оның айтуынша, Қазақстандағы өндірісті технологиялық жаңартудағы маңызды мәселе инженерлік-техникалық кадраларды дайындау болып отыр. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға өз ықпалын тигізбек.