«Самұрық-Қазына» қорының Альянс банктің капиталына енуі жөніндегі келіссөздер шешуші кезеңге жетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шілденің 7-сінде банк пен оның 9 ірі несие берушілерін біріктірген Кредиторлар комитеті қарыздарды қайта құрылымдау мәселесі бойынша өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Банк қарызын қайта құрылымдау үрдісі қарашаның 1-іне дейін аяқталады. Енді «Самұрық-Қазына» қоры мен Банк мүдделер жөніндегі келісімге отырмақ. Бұл құжат қарыздарды қайта құрылымдау аяқталғаннан соң, қордың банк акцияларының бақылау пакетін сатып алуын көздейді. Мәміле жасасқаннан кейін, қор банк капиталын пруденциалды нормативтерге сәйкес келтіруге қажетті банктің қайта капиталдануын өткізеді.
«Соңғы уақытта банкте өткізілген ауқымды өзгерістер өз нәтижелерін беруде. Атап айтсақ, біз банктің операциялық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында филиалдар желісін, бизнес үрдістерін, ұйымдастырушылық құрылымды оңтайландырдық», дейді «Альянс Банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев. Ал «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Қаржылық директоры Абай Ескендіровтің сөзіне қарағанда, банктің Кредиторлар комитетімен қол жеткізген келісімі Қазақстанның күллі қаржылық жүйесі үшін өте маңызды. Олар банктің қазіргі басшылығы осындай күрделі істі табысты аяқтап, оның нәтижесінде Альянс банкінің оң капиталы қалыптасатындығына және жаңа инвестицияларды тартатынына үлкен үміт артып отыр.