19:34, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» қорының «Қазкоммерцбанктің» капиталына енудегі жай акцияларды орналастыру үдерісі аяқталды
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Самұрық-Қазына» Ұлтық әл-ауқат қорының «Қазкоммерцбанктің» капиталына енудегі жай акцияларды орналастыру үдерісі аяқталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орналастырылған бұл жай акциялардың саны - 204 338 117 дана. Осы шараның нәтижесінде банктің жарғылық капиталы 44,47 миллиард теңгеге ұлғайды. Ал бағасы әр акция үшін 1,45 долларды құрады.
Үкіметпен өткен жылы жасалған келісім бойынша «Самұрық-Қазына» Қазкомерцбанктің шектеулі мерзімге ғана акционері болады. Қор банктің операциялық қызметіне араласпайды. Ірі акционерлер Қазкоммерцбанктегі өз бақылауын сақтап қалады. Соның нәтижесінде орналастырылған жай акцияларда дауыс беруде «Alnair Capital Holding» АҚ (Альнаир) - 25 пайыздық, «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ (ОААК), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Нұржан Субханбердин 50 пайыз және тағы 1 жай акцияға ие.
Банкте енді орналастырылмаған 120 661 823 дана жай акция қалды. Онда қазіргі кезде бұл акцияларды орналастыру туралы жоспарланып отырған жоқ.