«Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы жалпы сомасы 850 млн. АҚШ долларын құрайтын 19 инновациялық жобаны жүзеге асыруда

Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» атты инновациялық форумда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишимбаев мәлім етті.
«Бұл жерде екпін «Қазақстан темір жолы» мен «Қазатомөнеркәсіп»сынды екі ірі ұлттық компанияға түсіп отыр. Қазіргі уақытта бұл үдеріске «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «КЕГОК» сынды басқа да ұлттық компаниялар белсенді қатысуда», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, жоғарыда аталған жобалардың басым бөлігі компаниялардың өзінде әзірлену үстінде.
«Яғни, біз технологиялар трансферті және қарапайым жинау немесе тасымал турасында айтып отырғанымыз жоқ. Біз қазіргі уақытта ұлттық компаниялардың ішінде қалыптастырылатын қазақстандық интелектуалды өнімдер турасында айтып отырмыз. Бұл шешімдердің басым бөлігі ІТ-технологиялармен байланысты», - деді Қ.Бишимбаев.