«Самұрық Қазына» құрылымындағы бірқатар компанияларда жаңа тағайындаулар болды ?Үкімет отырысы

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры құрылымындағы бірқатар компанияларда жаңа тағайындаулар болды.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше директорлар кеңесі өтті. Сонда тиісті шешімдер қабылдадық», - деді Үкімет басшысы. Бірлескен химиялық компаниясының басқарма төрағасы болып Дәурен Ердебай тағайындалды. «Самұрық тау-кен» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағалығына бұған дейін «АрселорМиттал» компаниясында жұмыс істеген Малай Мукерджи бекітілді. Сонымен қатар осы компанияның басқарма төрағасы болып Мұрат Мұртазаев тағайындалды. Ал «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болып Ермек Көшербаев, «Сарыарқа» ӘКК-нің басқарма төрағалығына Берік Қамалиев, «Жетісу» ӘКК-нің басқарма төрағасы болып Асқар Сманқұлов тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар