«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 2011 жылдың соңына дейін БТА банкінің негізгі акционері болады - банк басқармасының төрағасы

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы 2011 жылдың соңына дейін БТА банкінің негізгі акционері болады. Бұл туралы бүгін BNews порталында өткен Onlin конференция барысында аталған банк басқармасының төрағасы Әнуар Сәйденов айтты.
None
None

«Менің жеке көзқарасым бойынша, кемінде келесі жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» БТА банкінің негізгі акционері болып қала береді», деді ол.

Сонымен қатар қазақстандық банкіні сатып алуда ресейлік Жинақбанкі ғана шынайы кандидат бола алатындығын айта келіп, аталған банкпен ғана іс жүзіндегі келіссөздер жүргізілгендігіне тоқталды. «Дегенмен, менің көзқарасымша, тіпті Жинақбанкінің БТА банкі туралы ақпаратының бар екендігін есепке алғанның өзінде, қайта құрылымдау өткеннен кейін нақты шешім қабылдау үшін 1 жыл керек шығар», деді Ә.Сәйденов.

Қазіргі уақытта банкті бағалау өте қиын екендігін баса айтқан банк төрағасы «баланс бойынша 700 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Менің ойымша, ол өте төмендетілген бағалау. Өйткені БТА банкі қайта құрылымдаудан кейін бағасының өсу әлеуетіне ие», деп түйіндеді сөзін.

Соңғы жаңалықтар