«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялар тобындағы барлық лауазымдар саралануы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобындағы барлық лауазымдар саралануы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде қор басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біздің барлық қызметкерлеріміз өтетін рекрутингтің 8 кезеңі ұжымға кездейсоқ адамдардың кіріп кетуіне жол бермейді. Міне адамдарға қатысты осындай әдіс бар», - деді ол.

Шөкеевтің айтуынша, қор өзіне қарасты компаниялар тобының барлық 300 мың қызметкерін халықаралық стандарттар бойынша бірден оқытуды алдына мақсат етіп қоймайды. Компания жұмысының тиімділігін айқындайтын 1 500 лауазым іріктеп алынған. Бұл лауазымдар компанияның негізгі мақсатына байланысты сараланатын болады. Егерде компанияның негізгі мақсаты құнын арттыру болса, онда барлық лауазымдар маңыздылығна қарай реттеледі. Осылайша, тау-кен металлургия департаментінің менеджері әкімшілік департаменті директорынан жоғары тұруы әрі үлкен жалақы алуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар