«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен Қытайдың Эксим банкі еліміздегі озық жобаларды қаржыландыру бойынша меморандумдарға қол қойды

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов пен  Қытайдың Экспорттық-импорттық банкінің (Қытайдың Эксимбанкі) президенті Ли Жогу  өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ мен «Қытайдың Эксимбанкі» арасында Атырау облысында газ-химиялық кешенінің құрылысын қаржыландыру туралы және түйіршіктелген металл өнідірісіне арналған металлургиялық зауыттың құрылысын қаржыландыру туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

 Биылғы жылы Қытай үкіметінің тарапынан 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде несиелік желіні бөлу туралы келісімге қол қойылғанын еске салып өткен Қ. Келімбетов, «қазіргі кезде 5 миллиард АҚШ долларын бөлу туралы «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қытай Эксимбанкі» және «Қазақстанның даму банкі» арасындағы келісім аяғына дейін орындалды (аталған 10 миллиард доллардың аясында). Оның ішінде қазір біз Қазақстанның инвестициялық озық жобаларын қаржыландыру шеңберінде жеке келісімдерге қол қойдық. Атап айтқанда SBS-Steel жобасын несиелендіру (Ақтөбе облысындағы металлургиялық зауыттың жобасы) және келесі жылы басталатын Атырау облысындағы газ-химиялық кешені бойынша өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл жобалар біздің экономиканы дамыту үшін өте маңызды», деді қол қою рәсімінен кейінгі брифингте.

 Қ. Келімбетов, бүгін түстен кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының базасында Ароматикалық көмірсутектердің өндірісі бойынша кешеннің құрылысын несилендіру үшін қаржы бөлу туралы келісімге қол қою болжанып отырғандығын айтып өтті.

 Яғни, 5 миллиард АҚШ долларындағы барша желі нақты қарастырылғанына тоқталған ол, «Самұрық-Қазына» қоржынындағы барлық озық жобалар жүзеге асырылатын болады»,- деді.

Соңғы жаңалықтар