12:46, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ пен «Нұр-Отан» ХДП ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат. «Самұрық-Қазына» мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Қор тарапынан қатынасатын компаниялардың мемлекеттік сатып алу шаралары мәселелері жөнінде ынтымақтаса жұмыс істеу жөнінде жиын өткізді,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қордың баспасөз қызметі.
Екі жақ Қор тарапынан қатынасатын компаниялардың ашықтық және жариялылығын қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандум мақсаты: сатып алу шаралары кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамсыз ету, жемқорлық жайттардың орын алмауын және қазақстандық жабдықтаушылар үлесінің артуын қадағалау. Меморандум бойынша Қоғамдық бірлестік өкілдері Қор тобына кіретін ұйымдар өткізетін құны жетпіс миллион теңгеден асатын және екі жақтың келісімі бойынша құны ол сомаға жетпейтін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тендерге салатын кезде тендерлік комиссияның құрамына енгізіледі.
Қоғамдық бірлестік өкілдерінің бұл процеске қатынасуы?сатып алу шараларының ашықтығын қамтамсыз етеді әрі жабдықтаушылардың құқығын шектеудің алдын алмақ. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Қанатбек Сафиновтың айтуынша, қоғамдық бірлестіктері тек бақылаушылар ғана емес, сонымен қатар, тендер мүшесі бола алады.Яғни, тендер кезінде қадағалауға мүмкіндік алады. Ал «Нұр-Отан» ХДП хатшысы Сергей Громовтың айтуынша, «партия тек «Нұр-Отан» мүшелерін ғана емес, сонымен қатар, өзге де партиялық ұйымдардың мүшелерін тендерлік комиссия жұмыстарына қатысуға шақырады.
Бұған қоса, Қор өзінің құрамына кіретін компаниялардың тендерлер өткізетін кезінде ауытқушылықтардың орын алмауы үшін қоғамдық ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеуге әзір. Сол үшін де Қордың ресми сайтындағы (www.samruk-kazyna.kz) ақпараттық орталықта, тендер өткізу шаралары, жылдық жоспарлар, нормативтік актілер, Қор тобына кіретін компаниялардың өткізген тендерлері жөніндегі ақпараттар орналасқан. Мұнан басқа, Қор тобына енетін компаниялар тендер өткізген кезде қандай да бір өрескел іс-қимыл жасаса, ол ақпараттарды арнайы телефондарға хабарласып айтуларына болады. Телефондар нөмірі де сайтта бар.
Қор тендер кезіндегі тәртіпті бұзған жайттарды лезде қарастырып, кінәлі адамдарға қарсы арнайы іс-шаралар қолданады. Анықтама үшін: «Самұрық-Қазына» тобына енетін компаниялардың 2009 жылға арналған сатып алу жоспары 1,4 трлн.теңге. Бұл соманың 675 млрд.теңгесі алты ірі компанияға бағытталған. Осы сома бойынша Қор тобына енетін компаниялар 107 млрд.теңгеге сай тауар, қызмет, жұмыс түрлерін сатып алу үшін отандық жабдықтаушылармен арада арнайы келісімдер мен меморандумдарға қол қойды.