«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыс барысында елімізде кәсіпкерлік саласын дамытуға ыңғайлы кеңістік қалыптастыру мәселесі талқыланды. «Баршаға мәлім, кәсіпкерлік Үкіметтің дағдарыс салдарын алдын алуға бағытталған бағдарламасының ішіндегі маңызды бағыттардың бірі. Осыған орай аталмыш салаға «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 2007-2008 жылдарға 1,5 миллиардқа жуық АҚШ доллары бөлінген болатын. Сондай-ақ үшінші транш ретінде тағы 120 миллиард теңге бөлінді. Аталмыш қаржыны банктер сәтін салса, мамыр айында толық игеріп үлгереді деген ойдамын», - деді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов. Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі дағдарысқа қарсы бағдарламалар сәтімен жүзеге асырылып жатыр дегенімізбен, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелер жетерлік. «Осы себептен де біз ресейлік әріптестерімізбен бірлесе отырып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Бүгін біз осы зерттеулер негізінде дайындаған кәсіпкерлікті дамытуға байланысты ұсыныс-пікірлеріміздің тұсауын кескелі отырмыз», - деді Қ.Келімбетов. Отырыс барысында мәжіліске қатысушылар аталмыш ұсыныстармен жан-жақты танысып, оған қатысты өздерінің пікірлерін ортаға салды. Ал зерттеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырған «Қоғамдық келісім» институтының директоры Александр Аусанның сөзінше, бүгінде кәсіпкерлікті жедел дамытамыз десек, кәсіпкерлерге лицензия мен белгілі бір талаптар негізінде кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бергеннен гөрі, олардың азаматтық жауапкершіліктерін арттыруға күш салған жөн. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің стандарттарын жасап, мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық аудит жүргізген дұрыс. «Бұған қоса, кәсіпкерлік саласын реттейтін заңдардың тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізу сияқты шараларды жүзеге асыру қажет. Бұл шаралар арқылы біз экономиканың даму қарқынын жеделдетіп, әкімшілік кедергілерді жойып, мемлекет пен бизнес арасындағы жаңа қарым-қатынастың қалыптасуына жол ашамыз», - деді институт директоры.
Соңғы жаңалықтар