«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еншілес ұйымдарының құрамындағы кейбір өзгертулер туралы

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Кеше, маусымның 1-інде өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының мәжілісінде бірқатар еншілес ұйымдардың қызметі қаралды,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа қордың баспасөз қызметінен.Басқарма Қордың топтарына кіретін ұлттық компаниялар мен даму институттарының директорлар кеңестеріне басшылық ететін Үкімет мүшелерімен күшейту туралы ҚР Үкіметінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылдады. Атап айтқанда, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіне Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев басшылық етеді. Қор басқармасы сондай-ақ Банк басқармасының жаңа құрылымын мақұлдады, соған сәйкес вице-президенттер институты таратылып, Банк басқармасы құрылды. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып бұған дейін Банктің вице-президенті болған және банктің инвестициялық қызметін үйлестірген Ғали Ысқақов тағайындалды. Қазақстанның Даму банкінің басқармасына сондай-ақ басқарушы директорлар Жанат Жақанов, Нұрәлі Әлиев, Қалия Сәлімбаева, Едіге Мұханов, Берік Өтемұрат кірді. Олардың барлығы бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстанның Даму банкінің топ-менеджерлері болып келген. «Самұрық-Қазына» Қоры басқармасының шешімімен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы болып «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының мүшесі ? басқарушы директор Қайрат Әйтекенов тағайындалды. Үкіметтің шешімін орындау үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, сондай-ақ бірқатар даму институттарын, атап айтқада «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «Kaznex Экспортты дамыту және алға бастыру корпорациясы» АҚ Индустрия және сауда министрлігінің қарамағына беру үрдісін бастады. Аталмыш құрылымдар Индустрия және сауда министрлігіне жүктелген елді индустриялық-инновациялық дамытуды жеделдету жөніндегі Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыруға жұмылдырылады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум