«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасында кадрлық өзгерістер болды
Бұл туралы ҚазАқпарат аталған қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің 2010 жылғы мамырдың 21-індегі шешіміне сәйкес Басқарма Төрағасының орынбасары болып Нұрлан Нұрғалиев тағайындалды. Басқарма Төрағасының Орынбасары лауазымында Нұрлан Нұрғалиев Жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық жобалар бойынша техникалық бақылауды ұйымдастыру бөлігіндегі жұмысын үйлестіруді жүзеге асыратын болады», делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Н. Нұрғалиев «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ға тағайындалғанға дейін «Самұрық-Қазына» Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарған.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының құрамына мыналар кіреді:
Әмрин Ғосман Кәрімұлы, Басқарма төрағасы;
Қосжанова Жанаркүл Тоғызбайқызы, Басқарма төрағасының орынбасары;
Нұрғалиев Нұрлан Аманжолұлы, Басқарма төрағасының орынбасары;
Иманқұлов Мұрат Сейдалыұлы, Басқарушы директор;
Кәрібжанов Марат Хайратұлы, Басқарушы директор.