Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының құрамында өзгерістер болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік орталығы» АҚ директорлар кеңесінің 2010 жылғы наурыздың 3-гі шешіміне сәйкес, Айсұлтан Акчурин «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік орталығы» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, «ЖМҚ менеджмент» ЖШС басқарушы компаниясының директоры болып тағайындалды. Бұл серіктестік қызметінің негізгі бағыттары тұрғын және коммерциялық үй-жайларды жалға беру, сондай-ақ Жылжымайтын мүлік қорының нысандарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету.
Сонымен қатар, 2010 жылғы наурыздың 29-нан бастап басқа жұмысқа ауысуына байланысты басқарушы директор-Басқарма мүшесі Ернар Нұрғалиев қызметінен босатылды.
Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының құрамына мына адамдар кіреді: Әмрин Госман Кәрімұлы, Басқарма төрағасы; Кощанова Жанаркүл Тоғызбайқызы, Басқарма төрағасының орынбасары; Иманқұлов Мұрат Сейдәліұлы, Басқарушы директор.