21:45, 22 Маусым 2016 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Қарағандыда өз жұмысын бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік бағдарламалардың операторы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшылығымен Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасының іске асырылуының барысы толық жүргізілуде. Бүгінде Қарағанды қаласында «Жанұя» тұрғын кешенінің үй-жайларын қабылдау бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры өз жұмысын бастады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.

Комиссия мүшелері 108 пәтердің техникалық бақылауына, қауіпсіздік және құқықтық қамтамасыздандыру стандарттарына сәйкестігіне тексеру жүргізіп жатыр.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Жобалар жөніндегі басқарушы директоры Асқар Джаболдиновтың айтуыша, үй-жайларды қабылдау бойынша комиссия сарапшылары құрылыс салушы «ККК-Инжиниринг» ЖШС компаниясымен орындалған жұмыс көлемінің жобалық құжаттамасын және техникалық регламенттерге сәйкес келуін тексеруде.