«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры ҚР Президентіне іскерлік құрылысты қолдауда атқарып жатқан шаралары туралы есеп берді

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа іскерлік құрылысты қолдауда атқарып жатқан шаралары туралы есеп берді.
None
None

«Біз Мемлекет басшысына Астана және Алматы қалаларындағы үлескерлердің мәселелерін шешу бойынша ағымдағы кезеңде біздің қорымыз атқарған жұмыстардың аралық қорытындылары туралы, 2010, 2011 жылдары қандай нысандар пайдалануға берілетіндігі туралы ақпарат бердік. Жалпы жылжымайтын мүлік саласын тұрақтандыру бойынша алдымызға қойылған міндет орындалып келеді», - деді журналистерге жұма, қыркүйектің 3-і күні «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ғосман Әмірин.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, биылғы жылғы тамыздың 1-і күні Жылжымайтын мүлік қоры жалпы сомасы 90,47 млрд. теңгені құрайтын құрылысы аяқталмаған 27 нысанды қаржыландыру туралы келісімге қол қойған. Оның ішінде 24 нысан Астана қаласында (69,67 млрд. теңге), екі нысан - Алматыда (4,75 млрд. теңге) және бір нысан Алматы облысында (16,05 млрд. теңге) орналасқан.

Жыл басында екі нысан пайдалануға берілді, олар - «Әл-Арқа» тұрғын үй кешені (153 пәтер) мен «Ақжайық» тұрғын үй кешені (96 пәтер). Жыл соңына дейін 8 нысан мен бір кезекте 4 нысан пайдалануға берілуге дайындалып жатыр, сол арқылы 1502 үлескердің мәселесін шешіп, 111,8 мың шаршы метр тұрғындық аумақ пен 13,3 мың шаршы метр коммерциялық аумақтарды сатып алу жоспарланып отыр. Жалпы сомасы 43,8 млрд. теңге болатын тағы 8 нысанды қаржыландыру мәселесі қазір әртүрлі деңгейде қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар