Санаэ Такаити Жапонияның басқарушы партиясының төрайымы болып сайланды
АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның бұрынғы экономикалық қауіпсіздік министрі Санаэ Такаити билеуші Либералдық-демократиялық партияның жаңа төрайымы болып сайланды. Бұл туралы дауыс берудің екінші турының қорытындысы куәландырып отыр, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Ол кейіннен премьер-министр қызметіне түсіп, бұл лауазымдағы алғашқы әйел болуы мүмкін.
Такаити жалпы 341 дауыстың 185 дауысына ие болды. Оның қарсыласы – бұрынғы премьер Дзюнъитиро Коидзумидің ұлы Синдзиро Коидзуми 156 дауыс жинады.
Осылайша, ол Сигэру Исиба жақын күндері күтіліп отырған отставкаға кеткен соң Жапонияның келесі премьер-министрі болуы әбден мүмкін. Бұл Жапонияның оппозициялық партиялары парламентте ұжымдық сандық көпшілікке ие болғанымен саяси көзқарастарында тым көп келіспеушіліктері себебімен барлық оппозициялық күш қолдау көрсетуге дайын премьердің біріңғай кандидатурасы үшін дауыс бере алмайды. Бұл ретте Такаити Жапония тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр болады.
Бүгін Жапонияның билеуші Либералды-демократиялық партиясы қызметтен кеткен премьер-министр Сигэру Исибаның мұрагерін таңдау үшін сайлау өткізді.