Санақ науқанына қатысу ? елдің әрбір азаматының қоғамдық міндеті ? аймақтық көзқарас

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қазақстан Республикасының Cтатистика жөніндегі агенттігі 2009 жылы болатын халықтың Ұлттық санағын өткізуді ұйымдастырушы ретінде, алдағы санақ науқаны мәселесі бойынша бүгінде ел тұрғындары арасында кең ауқымдағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады. Бұл оқиғаның маңызы, алдағы халық санағына қатысты басқа да көптеген мәселелер туралы ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Инга Шевцова әңгімелеп берді.
None
None
- Инга Анатольевна! Елімізде жалпыұлттық халық санағын өткізу алдында, бұл істің әсіресе, ақпараттық-үгіттеу мәселесі жағына ерекше мән беріліп отыр. Сіздің пікіріңіз бойынша, алдағы болатын санақтың маңыздылығын түсіндіру барысында қандай ерекшеліктер өзекті саналады?- Бұл жерде ұсақ-түйек мәселелер жоқ, биылғы болатын ұлттық санақтың мемлекеттік маңызы зор екендігі туралы халықты алдын ала хабардар етіп отыру керек. Науқанның табысты өтуі халықтың санақтың мақсаты мен маңызын терең түсіне білуіне де байланысты, сонымен қатар, бұл шара әрбір ел азаматының қолғабыс жасауын және оған тікелей қатысуын талап етеді. Әр адам бұл шараның мемлекеттік маңыздылығын сезіне білгенде, оған өзінің қатысуының қажеттілігін түсіне білгенде ғана санақ науқаны табысты болады.Санақ науқанының не үшін өткізілетіндігі, әркімге де түсінікті деп ойлаймын. Тіпті, көне дәуірде де халық санағы болған ? бұл туралы Библиядан да оқуға болады, - салық түсімін есепке алу, әскер жасақтау және мемлекеттік құрылымның әкімшілік мәселелерін шешу үшін халық санағы өткізіліп отырады. Осы айтылғандардың барлық көріністерін қазіргі заманғы санақтар қорытындысынан да байқауға болады. Сонымен қатар, ғасырларға созылған тарихымызда есепке алудың жаңа түрлері де пайда болды.Қазіргі заманғы санақ осы уақытта мемлекетте тұрып жатқан адамдар саны қанша, ерлер мен әйелдердің, балалар мен қарттардың саны қанша, олардың ұлттық құрамы, кіріс деңгейі және басқа да осы секілді сауалдарға жауап береді. Мұның барлығы ішкі мемлекеттік құрылымның әлеуметтік-экономикалық сипатының толық көрсеткішін жасайды. Мұның барлығы да, алынған мағлұматтарға сүйене отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағытын түзуге мүмкіндік ашады.Егер, энциклопедияға үңілер болсақ, онда «халық санағы» деген түсінік, жалпы жинақтау үдерісі, елдегі немесе оның белгілі бір бөлігіндегі барлық адамдардың белгілі мерзімдегі жағдайына қатысты демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтерді талдау, қорыту және жариялау. Ал, кей жағдайда халық санағы деген түсінік, мәліметтер жинақтау, өңдеу және оларды жариялау үдерістерін қамтиды» деп тарқатылады. - Қазақстанда алғаш рет халық санағы қашан өткізілді? Соңғысы ше?- Алғашқы халық санағы 1897 жылы, ал соңғысы 1999 жылы өткізілді. БҰҰ ұсынысы бойынша, Ресей Федерациясындағы сияқты Қазақстанда да санақ әр он жылда бір рет өткізіліп отырады деп көрсетілген. Халық арасында ақпараттық-үгіттеу жұмыстары ұдайы жүргізіліп келсе дағы, әлі күнге көптеген азаматтар санақ тәртібімен таныс емес. Әртүрлі оқиғалар орын алып жатады, мәселен, өткен жолғы санақ барысында жекелеген адамдар санақшыларды үйлеріне кіргізбеген немесе оларға үрке қарап, олардың жұмысына сенімсіздік көрсеткен. Мұндай келеңсіздіктің барлығы да санақ жұмысының қорытындысына кері әсерін тигізеді. Мәселен, ресми статистикалық мәліметтер бойынша тіркелген азаматтар санына қарағанда, 1999 жылғы санақ мәліметінде 5,3 пайызға жуық айырмашылық орын алды. Санақ қорытындысы бойынша кең ауқымдағы көрсеткіштер пайда болады. Соның нәтижесінде еліміздегі халықтың саны, тұрғындардың қалалық және ауылдық жерлерде орналасуы, олардың жынысы мен жас мөлшері, неке және отбасылық жағдайлары, ұлттық құрамы, тіл білу дәрежесі, білім деңгейі, тіршілік ету көздері, еңбекке тартылуы, баспана жағдайы және басқа да көрсеткіштер туралы мәліметтерді білудің мүмкіндігі ашылады.2009 жылғы санақ барысында Қазақстанның барлық азаматтары, сонымен қатар, шетел азаматтары мен санақ кезінде республика аумағында тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар да есепке алынады. Санақ науқанында Қазақстанда тұрғылықты тұратын, бірақ, санақ кезінде елден тысқары жерде жүрген азаматтар да тіркеуге енетін болады.Халық санағы әр азаматқа сауал жасау жолымен жүргізіледі. Ол үшін Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі оқыған арнайы өкілетті қызметкерлерді - санақшыларды даярлады. Олар әрбір тұрғын үйге келіп, өздеріне берілген санақ парақтарына қажетті мәліметтерді жазып алады. - Жауаптардың шын екендігін растау үшін қандай да бір сенім құжаттарын көрсету қажет пе? - Жоқ. Халық санағы кезінде азаматтар санақшыларға құжаттар көрсетуге міндетті емес. Санақ қағаздарын үй шаруашылығының ересек мүшесінің, оның жасына, азаматтығына, тұрақты немесе уақытша тұрып жатқандығына қарамастан, оның ауызша берген жауаптарына сәйкес санақшы толтырады, ал үй шаруашылығының жекелеген мүшелерімен кездесудің мүмкіндігі болмаған жағдайда, осы үй шаруашылығының басқа да кез келген ересек мүшесі жауап бере алады. Санақ жүргізу кезінде, халықтың белсенділік көрсетуінің маңызы ерекше екендігіне баса тоқталғым келеді. Санақшының сауалына дәл жауап беру ел азаматтарының әрқайсысының қоғамдық міндеті, өйткені, халық туралы алынған мәліметтер, алдағы уақытта халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін пайдаланылатын болады.- Біздер қандай сауалдарға жауап беретін боламыз?- Сауалнамадағы сауалдар халықтың барлығына да түсінікті етіп жазылған. Статистика органдары жергілікті жерлердегі халықтың тұрмыс деңгейі мен еңбекке тартылуы жөнінде зерттеулерді әркезде таңдамалы түрде тұрақты жүргізіп отырады. Халықты жалпылама есепке алудың шегін анықтау үшін, осы зерттеудегі бірқатар сауалдар санақ парақтарына енгізілді. Мәселен, тұрғын үй туралы мәліметтер, түрі, құрылыс салынған кезең, қабырғалардың қандай материалдардан тұрғызылғандығы, үйдің жалпы және пайдалы көлемі, көгалдандырудың қолда бар түрлері және басқа да тұрғын үйге қатысты мәселелер қамтылған. Ал, нақты адам туралы айтар болсақ, бұл жерде оның туған күні, жынысы, ұлты, азаматтығы, отбасылық жағдайы, еңбекке тартылуы, тіршіліктің табыс көзіне қатысты сауалдар.Санақшылар айтылған мәліметтерді ешқандай да құжаттарсыз ? төлқұжат, жеке куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом, неке туралы куәлік сияқты құжаттарды көрсетпей-ақ, адамдардың айтқан жауаптарына сәйкес толтырады. - 2009 жылғы санақ қорытындысы қашан жарияланады?- Халықтың саны туралы алдын ала қорытынды осы жылдың екінші жартыжылдығында жарияланады. Санақ барысында алынған мәліметтер 2009-2010 жылдар бойы ұзақ уақыт өңдеуден өткізіледі, содан кейін ғана халық санағының жалпы ақпараттық базасына енгізіледі. 2009 жылғы Қазақстан халқының ұлттық санағының қорытындысы бойынша 2011 жылға қарай талдау есебін дайындап шығару жоспарланып отыр.- Мәліметтер жинақталып болғаннан кейін халық санағы ақпараты қайда сақталатын болады?- Ақпарат Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінде сақталады. Санақ кезінде жиналған барлық жеке мәліметтер тек статистикалық мақсаттар үшін ғана пайдаланылатын болады. Санақ рәсімін жүргізген мамандарға кімге болмасын, санақтан өткен азаматтар туралы мәлімет беруге тыйым салынады.Бүгінде статистикалық мәліметтерге деген сұраныс өте жоғары. Мемлекет жүргізіп отырған экономикалық саясат сапалы және дәлме-дәл мәліметтерге негізделуі тиіс. Мұндай жағдайда статистикалық жүйе мен оның рөлінің арта түсуі қажеттігі туындайды. Егер, статистика жақсара түссе, жетілдіріле түссе, онда экономикамыздың әлеуметтік бағдары, әлеуметтік-демографиялық құрылымдағы деңгейі де жоғарылай түседі. Сонда ғана Қазақстанның әрбір тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикамыз мақсатты түрде дами беретін болады.- Әңгімеңіз үшін рахмет.
Соңғы жаңалықтар