12:59, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Санақтың бес күнінде Ақтөбе облысында 455 800 адам тіркелді
АҚТӨБЕ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ұлттық санақтың өткен бес күнінде Ақтөбе облысында жалпы халықтың есептік санының 62 пайызы тіркеліп бітті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика басқармасының бастығы Әлия Боранбаеваның айтуынша, санақ жұмыстары жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша санақшылар 455 мың 800 адамға санақ парақшасын толтырды, олардың 217 мың 968-і ? ер азаматтар, 237 мың 832-сі - әйелдер. Көрсеткіш бойынша облыстың үш ауданы көш бастап келеді. Атап айтқанда Қобда ауданында бес күнде халықтың - 97,9 пайызының, Мәртөк ауданында - 90 пайызының, Ойыл ауданында -79 пайызының санағы жүргізіліп бітті.