Санақтың бірінші күні Ақтөбе облысында 75 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді

АҚТӨБЕ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде Ұлттық халық санағының алғашқы күнінің қорытындысы шығарылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика департаментінің санақ бөлімінің маманы Бағдәулет Үбіниязовтың айтуынша, облыс бойынша барлығы 75 санақ бөлімі ашылған, оларда 2 477 санақшы жұмыс істеуде. Ақпанның 25-і күнгі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Ақтөбе облысында 75 477 адамнан мәліметтер алынды. Ақтөбе қаласы бойынша бір күнде 37 236 адамға қызмет көрсетілді.Облыс бойынша 10 стационарлық бекет ұйымдастырылған, оның ішінде әуежайда, Ақтөбедегі және аудандардағы теміржол вокзалдарында, Ақтөбе автовокзалында бекеттер бар.
Соңғы жаңалықтар