14:20, 08 Қараша 2016 | GMT +5
Санчес Головкин мен Джейкобс айқасының ықтимал мерзімін атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бапкер Абель Санчес Геннадий Головкин рингке 2017 жылғы ақпанның басында оралатынын айтты, деп жазды Sports.kz.

GGG-дың қарсыласы орта салмақтағы WBA (regular) әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс болады деп күтілуде.
«Головкин залда жаттығып жатыр, ақпанның басына дейін жекпе-жек жоқ. Бізде уақыт аз болуға байланысты Дэниэль Джейкобспен келісімге әзірге қол жеткізілмеді», - деген Санчестің сөзін келтірді El Nuevo Diario.
«Жекпе-жек ақпанда өтеді. Геннадий қазір залда, біз бәріне де дайынбыз. 2016 жыл маңызды болды, олай болмағандағ 2017 жылға мұнша үміт артпас едік. Алдағы жыл керемет болмақ», - деп қосты қазақстандық боксшының тәлімгері.