Сандық ТВ ілкі жобасы келесі жылдың ортасына қарай Қарағандыда іске қосылады, ал 2015 жылға дейін бүкіл Қазақстан бойынша енгізіледі - Байланыс және ақпарат министрі

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Сандық телевидениенің ілкі жобасы келесі жылдың ортасына қарай Қарағандыда іске қосылады, ал 2015 жылға дейін «сандық ТВ» бүкіл Қазақстан бойынша енгізіледі. Бұл туралы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев бейсенбі күні өз блогында мәлім етті.
None
None

Сандық теледидар енгізу жөніндегі жоспардың бірінші кезеңі - хабар таратудың сандық жерсеріктік жүйесі. Бұл жүйе ағымдағы жылдың соңына қарай іске қосылмақ. Осылайша, үлкен проблема шешімін табады, себебі республикамыздың алыс аудандарында қазақстандық екі ғана телеарна көрсетеді Желтоқсан айынан бастап алыс аудандар 30-дан астам арна көретін болады. Министрлік қазір үш жаңа бағдарлама: балалар, білім беруші және мәдени-ағартушылық бағдарламалар жасаумен айналысып жатыр.

Бұл бағыттағы келесі кезең - эфирлік сандық теледидарды енгізу болып табылады. «Келесі жылдың орта шеніне қарай Қарағандыда ілкі жобаны іске қоспақпыз, одан кейін 2015 жылға дейін «сандық» жүйе бүкіл Қазақстан бойынша енгізілетін болады», деп атап көрсетті министр өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар