Сандықтау ауданында бір жарым мың балаға сарыауруға қарсы екпе жасалды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданында алты жасқа дейінгі 1 997 баланың бір жарым мыңына сарыауруға қарсы екпе жасалынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау стансысы аудандық басқармасының меңгерушісі Жандос Махановтың айтуынша, екпе шараларының сапасын бақылау басты назарда тұр. Соған сәйкес, арнайы кеңестер өткізіліп, мектептерде, балабақшаларында, емдеу орындарында түсінік жұмыстары іске асырылған. Қазірдің өзінде Балкашино, Хуторок, Петровка ауылдарында балалар дертінің алдын алу шаралары аяқталған.

Жалпы аудан бойынша 36 орта мектеп, 9 шағын орталық, бір балалалар үйі мен кәсіптік лицейде санитарлық қадағалау жоспарлы жүргізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар