Сандықтау ауданында шағын кәсіпкерлік нысандары өткен жылы 1,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті

КӨКШЕТАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданы бойынша өткен жылы шағын және орта бизнес нысандары бір миллиард 300 миллион теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсеткен, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда он пайызға артық.
None
None

Осы уақыт аралығында өз несібесін кәсіпкерлікпен тауып отырғандар қатары бес пайызға артып, 4 270 адамға жеткен. Сала бойынша аудан көлемінде 1 217 шағын кәсіпкерлік субьектісі тіркелген, олардың 881-і жекелей жұмыс жасаса, 253-і шаруа қожалықтары, 83 шағын кәсіпкерлік нысаны болып табылады. Жыл ішінде жаңадан 146 жұмыс орны ашылған, өсім белгіленгеннен 16,8 пайызға жоғары. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен барлық қаржы көздерінен 113,2 миллион теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие берілген.

Соңғы жаңалықтар