Санитарлық дәрігерлер тексеру бастады: Көкшетауда асханадан тарақандар табылды

АСТАНА.KAZINFORM — Көкшетау қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінің асханасында тарақандар барын айтып шағымданған, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Санитарлық дәрігерлер тексеру бастады: Көкшетауда асханадан тарақандар табылды
Фото: Видеодан алынған скрин

Көкшетау тұрғыны түсірген видеодан жәндіктердің үстелдер мен азық-түлік үстінде өріп жүргенін көруге болады.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша сауда үйінің асханасынан тарақан табылғаны туралы ақпаратқа сәйкес аталған нысанда жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

— Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда жауапты тұлғаларға ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады. Сондай-ақ анықталған заң бұзуды жою туралы ұйғарым шығарылады, — деп атап өтті департамент.

Бұған дейін Павлодарда қыз ұзату тойынан кейін 33 адам уланғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар