Санитарлық қызмет жұмыстың жаңа формасына көшеді - Анатолий Белоног

АҚТӨБЕ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде ҚР бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног жүр. Бүгін оның қатысуымен облыстық әкімдікте 2009 жылғы жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау комитеті облыстық департаментінің шұғыл кеңесі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Анатолий Белоногтың айтуынша, 2009 жылғы қаңтардан бастап елде мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалауды басқарудың тікелей жүйесі қабылданды. «Қазір біздер жаңа жүйенің күшті және әлсіз жақтарын бағалаудамыз, қаржыландыруға байланысты қиыншылықтарды айқындаймыз, сонымен қатар, медициналық мекемелердің материалдық базасын ескеру де қажет», - деді ол аймаққа келу мақсатын айқындай отырып.

Соңғы жаңалықтар