Санкт-Петерборда ҰҚШҰ ПА делегациясының электоралды науқанға байқау жүргізу мәселесі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кеңесі өтіп, оған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.
None
None

Күн тәртібіндегі сұрақтардың бірі - ҰҚШҰ ПА делегациясының электоралды науқанға байқау жүргізу мәселесіне қатысты болды.

Кеңес отырысын ашқан Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Спикері, ҰҚШҰ ПА төрағасы Сергей Нарышкин электоралды үдерістердің демократиялық прнициптері ұлттық, сондай-ақ, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін атап өтті.

С. Нарышкин өз сөзінде, парламент өкілдерінің соңғы кездесулерінен кейін Қазақстан және Беларусь мемлекеттері басшыларының сайлауы, сондай-ақ Қырғызстанда Парламент сайлауы сынды бірқатар айтулы қоғамдық-саяси оқиғалардың болғанын еске салды.

Сондай-ақ, ҰҚШҰ ПА Кеңесі мүшелерінің атынан аталған қос мемлекеттің басшыларына президенттікке сайлануларына байланысты құттықтау жолдады.

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ҰҚШҰ ПА атынан Қазақстан Президентінің сайлауын байқауға бағытталған миссия үшін өз ризашылығын білдіре келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын сайлаушылардың 97% қолдағанын, егемен Қазақстанның тарихында сайлаушылардың азаматтық ұстанымы, электоралдық белсенділіктері, елдің болашағына деген саяси елгезектігі алғаш рет осындай жоғары көрсеткішке жеткенін атап өтті. Жиын барысында алдағы ҰҚШҰ ПА 8-пленарлық отырысының күн тәртібі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар