09:08, 26 Ақпан 2024 | GMT +5
Санкт-Петербургте бөлінген мұз үстінде кеткен 35 балықшы құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM - Санкт-Петербургтегі фин шығанағында ТЖМ қызметкерлері бөлініп кеткен мұз үстінде кеткен 35 балықшыны құтқарып алды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТАСС.
—Оқиға Санкт-Петербургте, фин шығанағындағында болды. Балықшылар жүрген мұздың бір бөлігі бөлініп, жүзе жөнелген. Екі әуе кемесімен келген құтқарушылар оларды аман алып қалды. Ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі мұз опырылған жағдайда жедел қызметтерді шақыру қажет екенін атап өтті.