Санкт-Петербургте «Соғыс және Жеңіс туралы 70 өлең» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің әдеби конкурсы өтуде

Шараны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясының қолдауымен Санкт-Петербург мемлекеттік университеті мен «Ключевые ценности» әлеуметтік жобалар коммерциялық емес ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған бұл маңызды және дер кезінде ойластырылған жоба ТМД елдері өскелең ұрпақтарының - Ұлы Жеңіс мұрагерлерінің Отан қорғаған аталарының ерлігіне назар аударуды көздейді.
Өлеңдер 16 наурыздан 15 сәуірге дейін қабылданады. Оған қатысуға ТМД мен бүкіл әлем балалары мен жасөспірімдері шақырылды. СПбМУ президенті және Ресей Білім академиясының президенті Людмила Вербицкая басқарған конкурстың қазылар алқасы жинақты бастыру үшін 70 үздік шығарманы іріктеп алады. Оның қорытындысымен 9 үздік авторға (жас санатына қарай 3 лауреаттан) 2015 жылғы мамырда Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде өтетін марапаттау рәсімінде қошемет көрсетіледі.
Конкурс туралы толығырақ ақпарат www.konkurs-pobeda70.ru ресми сайтында орналастырылған.