Санкт-Петербургте Трамптың арнайы өкілі Путинмен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM — Санкт-Петербургте АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, онда олар Украинаға қатысты мәселені талқылады.

Беседа Путина с Уиткоффом длилась больше четырех часов
Фото: Гавриил Григоров/ ТАСС

Ресей басшысымен кездесуден бұрын АҚШ әкімшілігінің өкілі Ресейдің шетелдермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі президенттің арнайы өкілі және Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевпен келіссөздер жүргізді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт бұл кездесуге түсініктеме бере отырып, Уиткоффтың Ресейге сапары Украинадағы атысты тоқтатуға және ақырында бейбіт келісімге жетуге бағытталған тағы бір қадам екенін атап өтті. Ол Уиткоффтың Кремльмен және Владимир Путинмен тікелей байланыс орнату үшін Ресейде болғанын растады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Уиткоффтың кездесу қорытындысы бойынша АҚШ және Ресей басшыларының телефон арқылы сөйлесуі теориялық тұрғыдан мүмкін екенін айтты.

Еске салсақ, Стив Уиткофф Санкт-Петербургке барды.

Бұған дейін ол 13 наурызда Мәскеуде болған, сол кезде Уиткофф Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктерімен, сондай-ақ президентпен кездесті. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Стив Уиткоффтың Ресей тарапына Украина бойынша қосымша ақпарат бергенін, ал Ресей президенті Уиткофф арқылы АҚШ-тағы әріптесіне ақпарат пен қосымша сигналдар жолдағанын хабарлаған еді.

Ақпан айында Уиткофф Ресейде есірткі контрабандасы үшін сотталған америкалық Марк Фогельді айырбастау туралы келіссөздер жүргізу үшін барды, содан кейін Эр-Риядтағы Ресей-АҚШ жоғары деңгейдегі келіссөздерге қатысты.

Соңғы жаңалықтар