Санкт-Петербургте жазғы туристік маусым 27 сәуірде басталады

Ресей
Фото: Pyxabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Санкт-Петербург қаласында биылғы жазғы туристік маусым 27 сәуірде басталады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Санкт-Петербург губернаторы Александр Бегловтың айтуынша, солтүстік астанада осыған байланысты үлген бағдарлама дайындаған. Атап айтқанда, өзендер мен арналардағы навигация 27 және 28 сәуірде ашылады және әр жексенбіде түскі уақытта Капеллада шағын концерт беріледі.

«Маусымның басына дейін бірнеше вокзалда туристерге арналған ақпараттық үстелдер ашылады. Қалаға келген қонақтар карталар мен туристік ақпарат кітапшаларын тегін ала алады», - деді А.Беглов. 

Сарапшылардың болжамынша, 27 сәуір мен 12 мамыр аралығында Санкт-Петербургке 850 мыңға жуық қонақ келуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар